Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
129

Байлаудағы бурадай
Байлаудағы бурадай
Теңіз көбік шашады.
Ақ көбік ақ шудадай
Жағаны кеп басады.
Басылды дауыл сəтке бір,
Ашуы қайтқан анадай.
Басталды тағы тəтті өмір
Ұйқыда жатқан баладай.
Сыңарындай егіздің
Шағала жүр шеткері.
Толқындары теңіздің
Əжімдердей беттегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter