file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  135


Автор: Рза Қунақова

Күн нұрының сөніп қызыл арайы...

Күн нұрының сөніп қызыл арайы,
Маң далада мамыражай тыныштық.
Ымырт түсті, орман, тауға қарайып,
Жалбыр таулар манаурайды тыныс қып.
Самал есіп, күн аптабы басылды,
Маужырайды тылсым, тыныш айнала.
Маржандардай жұлдыз көкке шашылды,
Ортасында серуендейді Ай ғана.
Балғын көңіл сұлулыққа құмартып,
Боз селеулі белде сайран саламын.
Түнде, шіркін, серуендеген мың артық,
Ақ самалы дертке дауа даланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу