file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  133


Автор: Рза Қунақова

ТАУ ІШІНДЕ

Сайдағы жас көктемнің жылғаларында,
Ақ қайыңның алтын алқа сырғаларында.
Сыбдырлаған құрақпен,
Былдырлаған бұлақпен
Мен армансыз сырластым.
Əжім басқан таулардың жүздерінен,
Адастым мен арқардың іздерінен.
Таудан төмен түсті ме,
Бұлақтан су ішті ме?
Соларды іздеп
Қырды астым.
Шыңға шықпай шерің əсте тарқар ма?
Кездеспеді елік, киік, арқар да.
Естіледі құс əні,
Гүлге толы құшағым,
Дəл төбемде қалықтап
Тау қыраны ұшады.
Алтын күннің арайы жылғаларға шашылды,
Шұғыладан нəр алып, тау гүлдері ашылды.
Көңіліңді əн билеп,
Паң табиғат əлдилеп,
Айналаң тұр жаңғырып,
Жер мен көкті əн қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу