file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  119


Автор: Рза Қунақова

ШЫҢДАҒЫ БҰЛТТАР

Қорғасын бұлттар кенеттен,
Қалғыған шыңды қаптады.
Басталды жойқын жел өктем,
Бұзылды күннің аптабы.
Ақ шуда бұлт асылды,
Шырқау бір шыңның мойнына.
Маржаннан тамшы шашылды,
Жан ана – Жердің қойнына.
Шыңдарын таудың қалқалап,
Кемпірқосақ көрінді.
Шоқыны сонда алқалап,
Белбеулер жібек керілді.
Көгілдір сағым жарқырап,
Таулардан төмен тарады.
Аспан да,
ауа жалқын ақ,
Құлпырып дүние барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу