file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  178


Автор: Рза Қунақова

КӨЛДЕГІ АҚҚУЛАР

Құйылып керней дауысы,
Сыңғырлап бір үн естілді.
Тыныштық-тылсым тау іші,
Шілденің күні кешкірді.
Жақұттай болып жалтырап,
Толқиды көлде байыппен.
Қамыстар суда қалтырап,
Жүзбейді ешкім қайықпен.
Сұлудың мойыл көзіндей,
Мөлдіреп жатыр көл беті.
Жігітті сүйген кезімдей,
Ғажайып бүгін жер беті.
Көгілдір аспан ғарыштан,
Құйылып төмен тізіліп.
Асығып жеткен алыстан
Аққулар қонды сызылып.
Бақытты əуен сыңғырлап,
Бөленді əнге айнала.
Жұлдыздар тұрды жымыңдап,
Серуенге шықты Ай ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу