Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
107

АЙПЕТРИ ТАУЫ
Қалады əсте кім сезбей,
Асқар тау болса қасыңда.
Тау іші шыны күмбездей,
Ақ бурыл шыңдар басында.
Көгілдір сағым жарқырар,
Айпетридің төсінде.
Бауырында өзен сарқырар,
Сыңғыры қалар есіңде.
Бас имей нөсер тұманға,
Сескенбей жайдан жүрегі.
Қасқия қарап тұр алға,
Айпетри – таудың түлегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇