file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  125


Автор: Рза Қунақова

ҚЫРЫМ ТҮНІ

Жартылай шыңнан қарады Ай,
Жалбыр тау мүлгіп қалыпты.
Салады еске қарағай,
Саптағы солдат – алыпты.
Жапырақтарды желпиді,
Самал жел тербеп тау ішін.
Еріксіз көңілім елтиді,
Естіп бұлбұл дауысын.
Сұңғыла көңіл киялдап,
Өткен бір сырды ақтарды.
Тауларға тарттым қияндап,
Аралап кеттім бақтарды.
Шегедей меруерт жалтырап,
Жұлдыздар көкте шарлайды.
Жапырақтар кеткен қалтырап,
Нөсерді жаны аңсайды.
Сырласам түнмен оңаша,
Шарладым бағын Қырымның.
Теңіздің түні тамаша,
Бастауы болды жырымның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу