Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  106


Автор: Рза Қунақова

МЕН ТАУЛАРДЫ САҒЫНАМ

Бала кезден биікке жаным құштар,
Өзеніндей бойымда арын-күш бар.
Мен жазықта сүрінсем, сүрінермін,
Сонда-дағы шыңдарға үңілермін.
Шыққан сайын шыңдарға шынығамын,
Əр тасынан құпия сыр ұғамын.
Баурайында сырласып орманымен
Көкірегімнен қанша жыр толғадым мен!
Құмарлығым өзіңе – қыранындай,
Құштарлықты кім көрген, сірə, мұндай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу