file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  154


Автор: Рза Қунақова

АҚ САҒЫМДАР

Ақ сағымдар
Арман құстар айдында,
Ақ сағымдар
Қуаныш пен қайғым да.
Арманымдай алыстағы сəулелер
Жетемін деп
Босқа əуре боп қалдым ба?
Ақ сағымдар –
Ақ жүзіндей анамның,
Ақ сағымдар
пейілі кең даламның.
Жақұттайын жалт-жұлт еткен сағымдар,
Күлкісіндей менің ерке баламның.
Ақ сағымдар –
Ақ көңілі адамның,
Ақ сағымдар –
Жарқ еткені санамның.
Ақ сағымдар мың құбылған атыластай
Əсемдігі,
арулығы даламның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу