file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  139


Автор: Рза Қунақова

КӨГІЛДІР ТАУ

Көгілдір таулар, көгілдір,
Баурайың толы өмір-нұр.
Саяда сенің сайраған
Не сандуғаш, не бұлбұл!
Ұғамын сенің сырыңды,
Айтамын асқақ жырыңды.
Бауырыңда өсіп қанша жыл,
Шарладым ой мен қырыңды.
Халқың жүр саған ұмтылып,
Еңбектен – зейнет нұр тұнып,
Содан ба сенің жайлауың,
Құлпыра түсті-ау, құлпырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу