Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  145


Автор: Рза Қунақова

КӨКТЕМ

Келді көктем,
Сағынған көптен
Құлпыртып қала, даланы.
Оралып құстар,
Көктемше құштар
Түрленіп əнге салады.
Гүлденіп дала,
Сай менен сала
Жамылды жасыл шапанын.
Колхозда егіс,
Кұлпырып тегіс
Жамылды таң шапағын.
Басталды өмір,
Жайнады өңір,
Шырқады жастар шат əнін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу