Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
145
ҚОРДАЙ АСУЫНДА
Атан түйе өркешіндей асуың,
Қыста қатты, əсіресе, ашуың.
Қызыл аяз бетті қатты шымшиды,
Машиналар бауырыңда сыңсиды.
Талай-талай жатушы едік аса алмай,
Арқар, елік бораныңнан қаша алмай.
Жолаушыны аспақ болған бөгейсің,
Барар жерге ерте жетсін демейсің.
Жазда ашуың басылады азырақ,
Үзілмейтін бір желің бар аңызақ.
Қыста тентек, жазда жайлау ерке бұл,
Болса да асу, жері жайсаң өлке бұл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter