Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  131


Автор: Рза Қунақова

ТАУ СУРЕТІ

Созылып тау мен төбе қолтықтасқан,
Қойнынан таудың аңы жортып қашқан.
Қасқиып тұр қияда жалғыз батыр
Үркеді астындағы ат қорқып тастан.
Ақ марал лағымен биік құзда,
Өр төсін Алатаудың сүйіп мұз да.
Бөктерде мыңдаған қой жатыр жусап,
Ұқсайды ойнақтаған киік қызға.
Сыңғырлап секірді су алдан құлап,
Жыландай иреңдейді таудан бұлақ.
Сыбдырлап сай ішінде теңселеді,
Қаз-қатар жағадағы балғын құрақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу