Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
154

Ұнатамын айлы түнді...
Ұнатамын айлы түнді,
Ессе самал жібектей.
Ұнатамын жайлы үнді,
Соғар жүрек дір етпей.
Ашылса өмір гүлі,
Адам ойы жаңарар.
Тазаланып көңіл кірі,
Жан дүниең ағарар.
Түн де əсем, күн де əсем,
Болса гүл мен жұлдызы.
Үй де əсем, күй де əсем,
Бар болса егер ұл-қызың.
Бəрі сұлу айналаңның,
Толы болса көңілің.
Кейде еріксіз ойланамын,
Болса ұзақ деп өмірім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇