file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  204


Автор: Рза Қунақова

Хат жазбадың, қойды ғой сөзім өтпей...

Хат жазбадың, қойды ғой сөзім өтпей,
Көп тосуға барады төзім жетпей.
Тəкаппар ма ең, əлде сен талғампаз ба ең,
Сол жағына қойды ғой көзім жетпей.
Аман-сау оралдың ба сапарыңнан?
Сау жүре бер сəл озып қатарыңнан.
Беймезгіл кейде бір сəт тұман түссе,
Көп кешікпей арайлы атады таң.
Қайтесің кейбір істі бұрыс кеткен,
Басталған, бітпей қойды-ау, бір іс көптен.
Жаным-ау, жабырқама, жүдемеші,
Келеді күлкі сыйлар дұрыс көктем.
Əрине, шаршап жүрсің, түсінемін,
Ренжулі екенсің, түсіме ендің,
Амал не?
Ақтығыңа күмəнданып,
Кей адам тағып жүрсе ісіңе мін.
Өмірдің көрсетеді өзі де оны,
Көрмесе де кей жанның көзі соны.
Бəрібір аққа күйе жаға алмайды,
Жеткізер ақтығына төзім жолы.
Хат жазып жиі сені мазаладым,
Хабарласпай келді ме жазалағың?
Көңіліңе түскен сəл көлеңкені
Өлеңіммен келеді тазалағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу