file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  220


Автор: Рза Қунақова

Достар жақын қашанда туысыңнан...

Достар жақын қашанда туысыңнан,
Оларды шығармаймын уысымнан.
Жұмақта жүрген жандай боламын мен,
Тіл тауып барлық жанмен ұғысудан.
Қандай жақсы қашанда түсініскен,
Бықсымай сыртқа шықсын түтін іштен.
Күндемейді туыстай адал достар,
Адамды көрдің бе құс сүтін ішкен?
Құс сүтін зəру дейді іздегендер,
Қол жетпесті дəріптеп іздемеңдер.
«Сен» дегендер азайып бара жатыр,
Шау тарттым ба, көбейді «сіз» дегендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу