file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  610


Автор: Рза Қунақова

СЫЙЛАСТЫҚТЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Халық айтқан: – Сыйлассаң, сый кісімін,
Сыйламасаң, əйтеуір, бір кісімін.
Бар өмірде сыйласудың үлгісі мың,
Сыйластықтың сыры неде, құрбылар?
Ата сөзі – ақыл көзі, тыңдай біл,
Жаныңа тек жақсы досты жинай біл.
Сыйлы болу үшін өзің сыйлай біл,
Сыйластықтың сыры сонда, құрбылар.
Қаламас ел небір жаман ғадетті,
Қостамас жұрт ұнамаған əдетті.
Жарасымды бəрімізге
бола білсек əдепті,
Сыйластықтың сыры сонда, құрбылар.
Күн де ортақ, көңіл де ортақ баршаға,
Болмас іске басты ауыртып шаршама.
Жылатуға бір дұшпан да жетеді,
Аздық етер болса да дос қаншама.
Көңіліңе жақпағанды тілдеме,
Шығын етпе сөзіңді тек, үндеме.
Дос көңілі, дос тілегі керек-ақ,
Мансап өсіп көтерілген күнде де,
Бірақ, достар, бір-біріңді күндеме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу