file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  239


Автор: Рза Қунақова

Əже болдым асқанымда қырықтан...

Əже болдым асқанымда қырықтан,
Сүйіншілеп атты сол күн күліп таң.
Сияр емес қуанышым кеудеме,
Толқын атқан секілді бір тұнықтан.
Əже болдым – таудай үлкен қуаныш,
Осы бір сəт елестейтін түу алыс.
Бізге ермек бұл бір жанды қуыршақ,
Көңілге күй, жүрегіңе қуаныш.
Үні қандай, үлбіреген нəзік тым,
Ұйықтай берер, көп тілемес азықты.
Қолшатырдай қолдан қолға көшеді,
Айтпайды ешкім: «мынау бізді қажытты».
Əже атандым асқанымда қырықтан,
Содан бері атады ылғи күліп таң.
Екі бірдей балапаным бар менің,
Кей күндері жыр жазуды ұмытқам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу