Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  196


Автор: Рза Қунақова

Сəл қиналып жүргенде бездің менен...

Сəл қиналып жүргенде бездің менен,
Жасырмай-ақ жалт бердің сездім неден.
Өзгерсе де достардың өзі, сөзі,
Жалынып өмір сүрмен, езбін демен.
Жүрсе де кейбіреулер олқысына,
Түспесем болды тағдар талқысына.
Сен менің досым болсаң, куəм емес,
Жар салмай, қатем болса, жалқы сына.
– Мен сондай білгішпін, – деп, таса көрме,
Бетіме кемшілікті баса көрме.
Мінсіз жандар өмірде сирек шығар,
Тазы көрген қояндай қаша берме.
Қорықпа, тимес саған еш зияным,
Сені көрсем қайта мен ес жиямын.
Көнбейтін кейде ешкімге мінезім бар,
Желіндей дес бермейтін «Бесқияның».
Сəл қиналып жүргенде бездің менен,
Жасырмай-ақ жалт бердің, сездім неден.
Жаным-ау, өзгере бер, сөзге ере бер,
Жалынып өмір сүрмен, езбін демен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу