Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  193


Автор: Рза Қунақова

Бірі түсінсе, біреулер түсінбейді...

Бірі түсінсе, біреулер түсінбейді,
Өртенсін қызғаныштан іші мейлі.
Құлагерді қулатқан Батыраштай
Қайрап жүрген дұшпан бар тісін дейді.
Көргенім жоқ ешбір жанмен тайталасып,
Достарыма жүрегім айқара ашық.
Қызыма сыйласам да жас күнімді,
Болғым келер сол күнге қайта ғашық.
Жан сырымды бүкпеймін, айтам ашық,
Шабыт жоқ, бара жатыр айдан асып.
Мүмкін, менің жүрегім селт етер бір,
Туған Айдай жарқ етсе қайран ғашық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу