file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  145


Автор: Рза Қунақова

Көңіліме көкте келіп гүл еккен...

Көңіліме көкте келіп гүл еккен,
Сұлу мамыр тіршілікті түлеткен.
Май туғанда дала арудай жасанып,
Жыр жазамын өмірге іңкəр жүрекпен.
Заңғар таулар қараса көз талады,
Бала қыран шыңға шырқап барады.
Көктем-жігіт қыл қаламын қолына ап,
Бояуымен түрлі сурет салады.
Дала да көк,
Тау мен аспан көкпеңбек,
Жерге көк ніл төгілгендей көктен кеп.
Бозторғай мен бұлбұл сайрап бағымда,
Бар дүние жасарыпты көктем кеп.
Келші көктем,
Көңіліме гүл еккен,
Ақын жүрек бір өзіңді жыр еткен.
Май гүліндей құлпырайын, жайнайын,
Жыр жазайын
Саған ынтық жүрекпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу