Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
136

Жайқалтып көңілдің көк жапырағын...
Жайқалтып көңілдің көк жапырағын,
Толқып, тулап қанымда жатыр ағын.
Компас қып жүректі ой орманына
Бір сəтке тілсіз қалып отырамын.
Бір сəтке тілсіз қалып отырамын,
Уыстап туған жердің топырағын.
Сырласып жұлдыздармен жымыңдаған,
Ұйқысыз күміс таңды атырамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇