file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  207


Автор: Рза Қунақова

ЖОЛДАР

Жолдар, жолдар толып жатыр мың түрлі,
Бұл жолдарда махаббат пен жыр тұнды.
Кей жолдарда өмір гүлдеп құлпырды,
Кей жолдарда алдан күліп Күн тұрды.
Осы жолдар жетелеген адамды,
Жасаймыз ғой жолда алғашқы қадамды.
Жолдар, жолдар самғайтұғын алысқа
Жол үстінде талай тағдыр тоғысқан.
Бір жолдар бар адастырып тастайтын,
Бір жолдар бар келешекке бастайтын.
Бір жолдар бар түрлі тағдыр түйіскен,
Бір жолдар бар шын ғашықтар сүйіскен.
Жолдар, жолдар түзуі бар, қисығы,
Осы жолда туған талай күй сыры.
Осы жолдар мені апарды Айға да,
Серуендедім Жерді, Айды айнала.
Жолдар, жолдар бастар алға жетелеп,
Бір жолдар бар жеткізетін төтелеп.
Бір жолдар сені бөліп əкетер
Қиядағы құз-шыңдарға жекелеп.
Жолдар, жолдар, тас жолдар мен қара жол,
Кейбіреуге бақыт жолы, жара жол.
Жүгін артып түйелермен сан көшкен,
Бұл қазаққа тау менен тас дала жол.
Сап түзеген жолда керуен тізбегі,
Түстікке ұшқан құстардай бір күздегі.
Ата-бабам кенші болып кеткен бе,
Жолдары көп орман, тоғай түздегі.
Сол жолдарды келемін мен мұра етіп,
Шалқыған күй, жүректегі сыр етіп.
Жол секілді ізім қалсын артымда
Өлеңіме арқау етем жыр етіп.
Міне қайда апарады жол бізді,
Жақындатар керек десең жұлдызды.
Нелер сырлар осы жолдан тарайды,
Жол арқылы шаласың сен маңайды...
Тарам-тарам жолды кешіп өткенше,
Ақ қаптайды, қаптайды-ау самайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу