file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  136


Автор: Рза Қунақова

ТАЯҚТЫ АДАМ

Қолына ұстағаны қайың таяқ,
Бір адам келе жатыр маған таяп.
Жеткенде арыққа ол тұрып қалды,
Елжіреп ет жүрегім кеттім аяп.
Болмаса осы таяқ жүрер ме еді,
Тоқсан тарау жол сырын білер ме еді?
Екі жанар сөнбей-ақ жанып тұрса,
Тұнжырамай, əлде, ол күлер ме еді?
Қашан көрсең тұнжырап тұрады ол,
Əркімнен-ақ адасса, сұрайды жол.
Қолындағы таяғы компас оған
Бағытына əрқашан бұрады қол.
Көргенде көшелерде таяқты адам,
Елжіреп ет жүрегім аяп қалам.
Қолтықтап оны жолға салғым келіп,
Қасына жылдам басып таяп барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу