file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  117


Автор: Рза Қунақова

ӨЛЕҢІМ

Атады рауандап қала таңы,
Шұғыласын жер бетіне таратады.
Күн нұры терезеден қараса-ақ,
Ерекше күй кернейді палатаны.
Жас жаным мұндай күнді жаратады,
Сызылып күнде осылай таң атады.
Аққудай серуендеген көл бетінде
Дəрігерлер аралайды палатаны.
Жантайып өлең жазам жатсам-дағы,
Азабын ауруымның тартсам-дағы.
Бəрін де өлең келіп ұмыттырар,
Жаныңа қанша қатты батса-дағы.
Өлеңім – өмірімнің арашасы,
Өлеңім – көңілімнің тамашасы.
Бола бер тек жаршысы қуаныштың,
Қайғымен ағармасын ана шашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу