Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
86
САҒЫНЫШ
Сағынып сəулем өзіңді
Кездесуге асықтым.
Тауыстым тағат төзімді
Əлі де саған ғашықпын.
Өтпейді күндер аулаған,
Қасымда өзің болмасаң.
Жүрегім толқып тулаған,
Телміріп талай жолға сан.
Қосқан соң бізді тағдырым,
Сағыну маған лайық.
Қарсы алып ерте таң нұрын,
Қараймын сыртқа мұңайып.
Жабырқап күнде осылай,
Жолыңды, жаным, тосамын.
Басқалар-дағы осылай
Күте ме екен қосағын?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter