Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
129
ƏКЕМЕ
Басына келдім, міне, қабырыңның,
Тартыпты топырағы қара күрең.
Көңілім босап кетті, абыржыдым,
Елегізіп, айналама құлақ түрем.
Тым-тырыс, тіл қатпайды меңіреу төбе,
Тек өзім қолымменен гүл қададым.
Қайда əкем, үндемейді маған неге?
Жаутаңдап айналаға көп қарадым.
Тұрсам да ұзақ еш дыбыс естілмеді-ау,
Көңілімнің сарғайды жасыл бағы.
Сен кетерде құлының ес білмеді-ау,
– Əке, – деп, иығыңа асылмады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter