file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  160


Автор: Рза Қунақова

АРНАУ

Жаутаңдап көзің, жаным-ай,
Жатырсың жаның қиналып.
Телміріп келіп жаныңа,
Қоршап-ақ тұрмыз жиналып.
Аппақ боп өңің өзгеріп,
Кетіпсің, жаным, жүдеп тым.
Дертіңді тұр ғой көз көріп,
Соғуы нашар жүректің.
Жақындап сенің қасыңа,
Қарадым үнсіз телміріп.
Бақ қонар еді басыма
Жіберсең сол сəт сен күліп.
Дариға-ай, ондай күн қайда?
Сөйлеші, мейлі, күлмесең.
Көзіңді ашшы мұндайда,
Көтеріп алам, жүрмесең.
Барады лоблып жүрегім,
Көп тамшы келді көзіме.
Сауығар деп-ақ жүр едім,
Қолқанат болар өзіме.
Бір сəтте тағы қарасам,
Қарады көзің сүзіліп.
Жүрекке ауыр жара сап,
Қызыл гүл түсті үзіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу