Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
128
ДОСЫМА
Егіз төлдей ойнап өстік далада,
Оқу іздеп бірге келдік далаға.
Бала кезде тұлым шаштар желбіреп,
Таласқанбыз сан рет қолшанаға.
Өтті жылдар, өтті айлар, апталар,
Сəби кездер мəңгі есте сақталар.
Кеудемізде асыр салып жүгірген,
Бала кезгі күн нұрындай дақ қалар.
Сөйтіп жүріп бірге отырдық партаға,
Барлық бірге білім берер ортаға.
Түсінбеуші ек бұл неғылған сурет деп,
Қабырғада ілінген үлкен картаға.
Болдың əуес сырлы əн-күйге жасыңнан,
Кеудең жұмбақ талай тылсым бас ұрған.
Балалықтың арманы ма аққу боп,
Өнерлерін он саусаққа жасырған.
Күмбірлейді қағып қалсаң домбыраң,
Қай құдірет бұл өнерді қондырған?
Екі шектен шығып жатқан сиқырлы үн,
Бір балқытып, бірде мені тоңдырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter