file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  269


Автор: Рза Қунақова

ҮШБҰРЫШТЫ ХАТТАР

Ауыл болып күтетінбіз хаттарын,
Қадір тұтып үшбұрышты қағазды.
Əскердегі елдің тізіп аттарын,
Отыратын кемпірлер,
Оқып болып намазды.
Бірте-бірте үшбұрыштар кешікті,
Үшбұрыштың үміт оты сөнбеді.
Айрылғанын жалғызынан кеш ұқты,
Үшбұрышты хаттарға ана сенбеді.
Күте-күте таусылса да шыдамы,
Хат арқылы іздестірді баласын.
Жанғандай да болды кейде шырағы,
Шақыртыпты Мəскеуге
Ер солдаттың Анасын.
Мерт болды ол түскен кезде сын басқа,
Азаматы болды елінің жаны ірі.
Ант етіпті майыспасқа, сынбасқа,
Үшбұрышты үміттердің қабірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу