Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  206


Автор: Рза Қунақова

ҚЫЗЫМА

Қызым, сен қызыл гүлсің ашылмаған,
Жұпарың айналаға шашыраған.
Мен – сенің аялаған бағбаныңмын,
Қорғаушысы кіршіксіз пəк жаныңның.
Өмірден көрген жоқсың жамандықты,
Аласың ұнатқан бір мамандықты.
Еске сақта мəңгіге адамдықты,
Тудай ұста парасат, адалдықты.
Қайырымды бола біл дос, туысқа,
Мейірімсіз бен жалқауға тек жұғыспа.
Кешірімді болғайсың құрдасыңа,
Пайда ойлама өзіңнің бір басыңа.
Тілегім – арнап айтқан көңілдегі –
Орныңды тап өзіңнің өмірдегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу