Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
838

ҚЫЗЫҢДЫ ҰЗАТАРДА
Ұзатарда жыладың ғой қызыңды,
Көңіл күйің сүттей іріп бұзылды.
– Жолың болсын, сүт кенжем ең, жарқыным,
Барған жерде көтерсін дəм-тұзыңды. –
Дедің де сен, сөзің қалды үзіліп,
Нұр келбетің жүдеу тартты бұзылып.
– Батаңды бер екі жасқа, апа, – деп,
Құрбыларың тұрып алды тізіліп.
Бар айтқаның: – Болыңдар тек бақытты,
Еңбексіз құр өткізбеңдер уақытты, –
Деген сөзің жұдырықтай жүректің
Түкпірінде жырмен бірге жатыпты.
Отырғанда өлең жазып, ойланып,
Сөздеріңді түсіремін ойға анық.
Қарсы алдымда тұрған сенің суретің,
Отырғандай мені аймалап, айналып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇