Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
117

Қалсақ-тағы кей-кейде бір керісіп...
Қалсақ-тағы кей-кейде бір керісіп,
Кетеміз ғой тез арада келісіп.
Қуаныш пен қайғың түгіл, достар-ау,
Бір жапырақ нанды жейміз бөлісіп.
Тек осылай жазылмайды жұбымыз,
Біреулерді қызықтырар мұнымыз.
Айдын көлде серуендеген аққудай,
Екеумізді егіз деп тек ұғыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇