file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  139


Автор: Рза Қунақова

МЕН ӨЗІҢЕ ҰҚСАҒАМ

(Мəриям Хакімжановаға)
Адамдар бар бұл өмірде не түрлі,
Адамдар бар айласымен өтімді.
Адамдар бар жаралайтын жаныңды,
Түсінбейтін сенің адал ойыңды.
Мен олардың ешбіріне ұқсаман,
Жақсы жанды айырады ұқса адам.
Өнегесі өлең болып өрілген,
Мəриям апа, мен өзіңе ұқсағам.
Шəкірт үшін ұстаз ғана күшті адам,
Жыр жолында жас қаламды ұштаған.
Пəк жүректі, ақ тілекті аққуым,
Ақын апа, мен өзіңе ұқсағам.
Құттықтаймын тойыңды осы өлеңмен,
Жыр жолында ізбасар боп келем мен.
Жетпіс асу артта қалсын, жүзге жет,
Аққу анам, жаны жырға бөленген.
Жүрегімде жолың жатыр нұсқаған,
Əр сөзіңді тудай биік ұстағам.
Жырыменен, ұрпағымен мың жасар,
Ақын адам, абзал адам, күшті адам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу