file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  154


Автор: Рза Қунақова

МЕН ЕМЕС

Бір сəуле бар жүрегімде сөнбейтін,
Мінезім бар кейде ешкімге көнбейтін.
Өлең деген жан досым бар есімі,
Мəңгі бірге менен ешкім бөлмейтін.
Жүрегімде жүз перне бар басатын,
Бір əнім бар айтсам көңіл тасатын.
Көктем болған көңілге күз түсірмес
Достарым көп күліп есік ашатын.
Қызғалдақтар мен дегенде ашылар,
Шашулар бар маған арнап шашылар.
Бір жұлдыз бар мен дегенде жанатын,
Бұр бұлақ бар жұтсам сусын қанатын.
Жыр өзенім мен шалқысам таситын,
Туыстар бар қамқор жаны ашитын.
Өлең деген құдірет бар қолымда,
Мен емеспін жабырқайтын, жаситын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу