file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  141


Автор: Рза Қунақова

АҚЫН ЖАНЫ

Ақын жаны арнадан,
Асып жатқан теңіз ғой.
Түсінетін бар ма адам,
Жыр мен ақын егіз ғой.
Ақын жаны самал ғой,
Елдің жібек аруы.
Алынбас ақын қамал ғой,
Қолында қалам – қаруы.
Ақында бар асқақ ой,
Жеткізбес желге қуса да.
Ақынның орны басқа ғой,
Анадан тең туса да.
Көңілі Күндей биік қой,
Сəулесін шашқан көктегі.
Ақынды қыздар сүйіп қой,
Болмайсың оған өкпелі.
Көбейтпей-ақ өкпені,
Ұғысуды біл өзің.
Аумалы да төкпелі,
Түсін ақын мінезін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу