file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  136


Автор: Рза Қунақова

ТҮСІНБЕСЕҢ

Сырым еді айтпайтұғын ашық тым,
Күні құрсын, жарқыным, ғашықтың.
Есту үшін бір жылы сөз өзіңнен
Кездесуге асықтым.
Асқартаусың қысылсам қол артатын,
Мұң-қайғымды жібересің тарқатып.
Нағыз Шырын сенсең, сəулем, мен болдым,
Көруге ынтық Фархатын.
Махаббаттан таралады жылылық,
Махаббаттан жаралады ұлылық.
Түсінбесең ақын сырын жаныңмен
Онда оқып, жырын ұқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу