Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  161


Автор: Рза Қунақова

МƏҢГІ АЛАУ БАСЫНДА

Туған жердің топырағына оралмай,
Жалын болып жанып өтіп мəңгіге.
Қалдыңдар-ау,
қыздарға жар бола алмай,
Сендер үшін біз айтамыз əнді де.
Жүректердің алауы ма бұл жалын,
Үрлесең де мəңгілікке сөнбейтін.
Айналасын көмкеріпті гүл қалың,
Ызғар менен аязға да көнбейтін.
Біреу,
екеу... тіпті одан да көп есім,
Фамилиялар əліппеменен тізілген.
Елжіретті көңілімнің көбесін
Қыршын жастар оқ астында үзілген.
Шағылысып күнге құлпытасың да,
Мəңгі алау, от боп жанған қыршындар.
Тілсіз жандай тұрмын үнсіз басында
Сендер маған сайрап сөйлеп тұрсыңдар.
Бақыт үшін жанын пида еткендер,
Отан үшін адал туған ұлсыңдар.
...Тағзым етіп, шоқ гүл қоймай өтпеңдер,
О, адамдар, жатыр мұнда қыршындар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу