file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  99


Автор: Рза Қунақова

Шалмаса қыран қиядан қағып түлкіні...

Шалмаса қыран қиядан қағып түлкіні,
Болады жұртқа иесі де, өзі күлкілі.
Жарысса желге жеткізбейтін қайран арғымақ,
Сүрінер, бəлкім, қапылыста бір күні.
Тулағанмен теңіз бəрібір жылжып ағады,
Құлатпас қанша мүйіздесе де жағаны.
Болсаң да алып Толағайдай тау көтерген,
Жығылады адам баспаса жерді табаны.
Найзағай көкте ойнатса отын жайнатып,
Күн тұратын-ды, кетсе де бұлтқа Ай батып.
Ойнама отпен, найзағай оның төркіні
Кетеді кейде ұшқынымен-ақ жайратып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу