file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  125


Автор: Рза Қунақова

Көлеңкесі, гүлі жоқ

Көлеңкесі, гүлі жоқ
Таудан сақта.
Айласы көп, тілі жоқ
Жаудан сақта.
Жалғаны көп, шыны жоқ
Сөзден сақта.
Жалтылы бар, нұры жоқ
Көзден сақта.
Көлгірсіген күлкісі
Сұмнан сақта.
Екі аяқтың түлкісі
Қудан сақта.
Баспанаға себі жоқ
Қостан сақта.
Айласы мен ебі көп
Достан сақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу