Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
149

Самал кеште сайраңдап, жүрсем деймін мəңгілік....
Самал кеште сайраңдап,
жүрсем деймін мəңгілік,
Тұрса деймін отау үй оркестрдей жаңғырып.
Бұлбұлдайын бақшада отырсыншы достарым,
Базар етіп үйімді, тамылжыған əн қылып.
Шіркін, сонда отау үй
көктемедей құлпырар,
Көңілде күй күмбірлеп, жүрегіңе жыр тұнар.
Көңілдерің күншуақ дариясын паш етіп,
Серуендеген сұлудай көкте күліп Күн тұрар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇