Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
145
ҚЫЗДАР-АУ
Аралап астананың бақшасында,
Талай сыр қалды-ау əрбір бақ қасында.
Сенбі мен жексенбіде келетұғын,
Күзетші махаббаттың қақпасына.
Келгендей құрбысы мен жерлесіне.
Шақыртар кіргендерден бөлмесіне.
Сарғайып сабаз сыртта күтіп тұрса,
Бəлденіп шықпайды қыз – ол несіне?!
Қыздар-ау, енді кімді қалайсыңдар,
Қайсы ерді жүрегіңе балайсыңдар?
...Қыздардың сынына да, сырына да
Шыдаған сабаз жігіт жарайсыңдар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter