file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  138


Автор: Рза Қунақова

ШЫҢ БОЛСАҢ

Шың болсаң мұнарланған,
Шынар едім төсіңдегі.
Жетуге құмарланған,
Мəртебемді өсір менің.
Аялап ақ самалың,
Шақырсын шабытымды.
Таусылып басқа амалым,
Сыр сандық ағытылды.
Шырақ боп төбемдегі,
Жұлдыздай жалтырадың.
Қозыдай көгендегі,
Қорғанып қалтырадым.
Қырандай шүйілме сен,
Аққуға айдындағы.
Сынбаймын иілмесең,
Мен көктем кезіндегі
Мақпалдай майдың бағы.
Сақтай гөр мұз-қарыңнан.
Қорғай бер ызғарыңнан.
Гүл ерте үсімесін,
Сəні жоқ солған гүлдің,
Өзің де түсінесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу