file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  786


Автор: Рза Қунақова

СЕН САЛҒАН ƏН ЕРЕКШЕ

(Роза Бағлановаға)
Бабамыз əн-күй десе ұйып қалған,
Əуенді əн – əрқашанда сүйікті арман.
Біз де əнге құдіреттей табынамыз,
Дауысыңды естімесек, сағынамыз.
Сен салған əн ерекше сазды келер,
Сен салған əн ерекше назды келер.
Жүректің жүз пернесін басып-басып,
Сен шырқасаң, кетемін асып-тасып.
Сен шырқасаң төңірек құлақ түріп,
Сен сайрасаң қалғандай бұлақ тынып.
Сандуғаштай сызылтсаң сахнада,
Сан мың адам қол соққан Сахарадан.
Шарласа Жер мен көкті «Ах, Самара...»
Өзіңсің əн еркесі – ақ шағала.
Сайрасаң чех тілінде Прагадан
Тебіренді, күлді адам, жылады адам.
Жете алмас əуезіңе мың рояль
Тамсанып таңдай қақты Монреаль.
Сен əнді айтқанда отты Вьетнамнан,
Жеңісті жүрген солдат етіп арман.
Жез таңдай, күміс көмей бүлкілдеген,
Əн-күйсіз отыра алман бір күнде мен.
Жүректің жүз пернесін басып-басып,
Сен шырқасаң, кетемін асып-тасып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу