Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
329

АРМЫСЫҢДЫР, АҒАЙЫН
Армысыңдар,
ақ жеңгелер, ақ маңдай?
Бармысыңдыр,
əнші құрбы, ақ таңдай?
Жүздеріңде, жеңгелер-ау, қоңыр тап,
Кең даламның
қоңыр желі жатқандай.
Армысыңдар,
асқар шыңдай ағалар?
Нармысыңдар,
тау көтере ала алар?
Теңіздейін буырқанған күшіңді,
Тек түсінер,
Біздердей-ақ шағалаң.
Армысыңдыр,
аналарым, ақ қардай?
Жаның жайсаң,
мейірлерің мақпалдай?
Нарттай қызыл,
ару ана жүзінен,
Бақыт таңы
əрбір үйде атқандай!
Армысыңдыр,
Бармысыңдар,
Асқар таудай ағайын!
Сағындым ғой,
Көтеріп бой...
Араңа бір барайын!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇