file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  155


Автор: Рза Қунақова

ЖЕҢЕШЕ-АЙ

Демеңдерші: «еркем неге кешікті?» –
Əндете бер ашып қойып есікті.
Қыз сырына тек барлаушы жеңге екен,
Бұл тентегің сыртта жүріп кеш ұқты.
Ашылмаған жүректердің қақпасын,
Ақтаруға сен ғана жол табасың.
Талай-талай арашалап алғансың,
Түскен кезде небір ауыр басқа сын.
Жүректердің дəнекері аңсаған,
Сен арқылы табысты екен қанша адам?
Сағынғанда өзің менен назыңды,
«Жеңеше-ай» деп асқақтата əн салам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Майра
Майра 05.11.2024 20:42
Тақпақ женше

Пікір жазу