Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  150


Автор: Рза Қунақова

Бір үйдегі қызыл гүл ең шырайлы....

Бір үйдегі қызыл гүл ең шырайлы,
«Қала қызы қандай?» – деп жұрт сынайды.
Жаутаңдайсың көжегіндей қоянның,
Осы түрің тым сүйкімді, ұнайды.
«Келін», – деп ел, келіп шашу шашады,
Нөпір сөздер, шыда, бастан асады.
Өмір заңы бұлтаруға болмайтын,
Заңдылықтан кімдер, қайда қашады?
Шыда, жаным, бұл өмірдің заңы ғой,
Екі жақтың елі, жұрты маңы той.
«Келін болу, отау тігу» деген сөз –
Ол бақыттың басталған нұр таңы ғой.
Əдеп сақта, кір келтірме атыңа,
Лайық бол «келін» деген затыңа.
Өмір өзі үйретеді бəрін де,
Жетелейді бір сатыдан сатыға.
Қабақ шытпа, қиналсаң да қаншама,
Күліп қара мейіріммен баршаға.
«Көргендінің баласы» – деп сүйсінсін,
Бар мен жоққа күйіп-пісіп шаршама.
Бір үйдегі қызыл гүл ең шырайлы,
«Қала қызы қандай?» – деп жұрт сынайды.
Жақын етер ел-жұртыңды елші бол,
Кешірімді жан бар адамға ұнайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу