Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  155


Автор: Рза Қунақова

Жақсыменен жарасқанды ұнатам...

Жақсыменен жарасқанды ұнатам,
Панасызға қарасқанды ұнатам.
Мəртебесін биіктетіп досымның,
Дұшпаныма қара аспанды құлатам.
Қаламаймын шыныдай тез сынуды,
Ұнатпаймын іштен күйіп, тынуды.
Жағымпазға үскіріктей суықпын,
Сақтай білем досқа деген жылуды.
Тоңдыратын желсіз жұқа көйлектей,
Шарт сынбаймын, шытынаған шөлмектей.
Сөз қадірін түсінбейтін адамды,
Тілсіз жандай отырғызам, сөйлетпей.
Қуанғанда, болам дарқан даладай,
Сахарада салынған жас қаладай.
Қайғырғанда аққулардай мұңайып,
Шаттанғанда, күлем сəби баладай.
Суы кəусар, мөлдіреген бұлақтай,
Мəңгі сөнбес жарқыраған шырақтай.
Адамдар дос, адам туыс адамға,
Сақта жаннан өзгермелі сынаптай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу