Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
158

Мінезім қиын емес өте менің....
Мінезім қиын емес өте менің,
Көп емес ел алдында өтегенім.
Достарыма арнаймын қуанышты,
Қайғымды бір өзім-ақ көтеремін.
Бар дəмді достарыммен бөле ішкенмін,
Мазалар əрбір күнгі төл іс мені.
Көңілімді қалдырған жандар болса,
Олармен айлап, жылдап көріспедім.
Ойлантар көңілдегі көп іс мені,
Жақсы ғой достың жиі көріскені.
Адасқан жалғыз қаздай болғаныңша,
Артық қой жұртпен кейде бөліскенің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇