Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
328

БҰЗАУ МЕН ЕШКІ
Бастап ауыл ешкісін,
Өріске бұзау кетеді.
Ешкіні ертіп кешкісін,
Үйге ойнақтап жетеді.
Бөлінсе ешкі ерінбей,
Қайырып топқа қосады.
Қалса бұзау көрінбей,
Ешкілер де тосады.
Алау бұзау ешкімен
Дос болыпты, нансаңдар.
Жай сөз емес естіген,
Көресіңдер, балалар,
Біздің үйге барсаңдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter